Шымкенттік бизнесменді өлтірткен қылмыскер ұсталды

Oinet.kz 09-09-2019 1114

Картинки по запросу выстрел

Шымкенттік бизнесменнің өліміне өзінің серіктесі тапсырыс берген. Бұл жайлы қылмыскер ұсталғаннан кейін мәлім болды, деп хабарлайды Oinet.kz ақпараттық порталы қалалық полиция Департаментіне сілтеме жасап.

Қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 7 қыркүйек күні жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 19 шілдеде қаза тапқан бизнесменнің баскесерін қолға түсірді.

Қылмыскер Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

«Күдіктіге қатысты соттың санкциясы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу барысында қылмыскер ортақ фирманың бірталай қаражатын жұмсап, қылмысын жасыру мақсатымен серіктесін өлтіргені белгілі болды. Қылмысқа тапсырыс беруші ағымдағы жылдың 25 шілдесінде қолға түсті және кінәсін толық мойындайды.», - деп хабарлады қалалық полиция Департаменті. Тергеу жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, қаза тапқан 55 жастағы адам арнайы техниканы жалға алу саласында ірі кәсіпкер болған. Кәсіпкердің Lexus автокөлігіне коммуналдық қызметкерлері секілді қызғылт сары кеудеше киінген адамдар тобы аңшы мылтығынан оқ атады. 

Несиеңіз туралы қайдан білуге болады?
Арыс қаласында көршісінің карточкасындағы ақшасын жымқырған күдіктінің ісі қаралуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу