Несиеңіз туралы қайдан білуге болады?
Қазіргі таңда Президенттің Жарлығы бойынша қарыз жүктемесінің төмендеуі мен несиенің бір бөлігін жабу жүріп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңілдікті кімдер пайдалана алады, қарызы кешірілетіндердің тізімінде болмаса не істеу керек деген сұрақтар туындауда.
ӨЗ МӘРТЕБЕҢІЗДІ enbek.gov.kz сайтына кіру арқылы «Борыштық жүктемені төмендету бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» тетігін таңдап, өз ЖСН-іңізді жазып, мәртебеңізді біле аласыз немесе 111- біріңғай нөмеріне хабарласу арқылы, олай болмаған жағдайда egov.kz электронды порталында көре аласыз.
Олардан да пайда болмаған жағдайда ХҚО-ға барыңыз.
Алайда, егер сіздің аты-жөніңіз тізімде болмаса және сіз онымен келіспесеңіз, онда сізге 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмірлеріне хабарласу керек.
Егер сізді тізімнен алып тастау себебімен келіспесеңіз, онда Сізге банкке немесе несие берген микрокредиттік ұйымға жүгіну қажет.