Мұғалімдердің орташа жалақысы 107 мың теңге
Білім министрі өзінің TENGRINEWS сайтына берген сұхбатында Қазақстандағы мұғалімдердің орташа еңбекақысын атады.
«Еңбек жолын енді бастаған мұғалімдердің еңбекақысы 70 мыңды құрайды. Оған қоса кем дегенде 7 түрлі үстеме бар. Егер де сынып жетекшілік жұмысты қосып атқарса оның жалақысы біреу болады. Ал, бастауыш сыныптарының мұғалімдеріне оқушылардың дәптерлерін тексергеніне бөлек үстеме қосылады. Ауылда білім беретн ұстаздардың 25 пайыздық коэффициенттері болады. Бірақ орташа есеппен 70 мыңды құрап отыр. Бұл кішкентай жалақы. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, жалпы елдегі мұғалімдер жалақысы орташа алғанда 107 мың теңгені құрайды. Бұл мүлдем жеткіліксіз.»
Бұл тұрғыда, министр ғылым және білім министрлігінің жалақыны көтеруге ұсыныс бере алмайтындықтарын айтты.
«Жалақы тек Үкімет қаулысымен реттеледі. Бұл қаражат бюджетте болуы тиіс. Әрине, білім беруден бөлек те мемлекеттік міндеттемелер көп екендігін жақсы түсінеміз. Біз президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тамыз айындағы кеңесінде Үкіметке келесі төрт жылда педагог еңбекақысының кем дегенде екі есе артуы үшін тапсырма бергені үшін өте ризамыз.»