Орыс өте шыдамды халық - саясаткер
20-06-2022
Режиссер Нұртас Адамбай депутат Божконы «мемлекетке тізерлеп отырып алғыс айту қажет» деген пікіріне қатысты Facebook желісінде сынға алды.
"Депутат Божко, егер де мемлекеттік көмек расымен де үш жылдың ішінде 17 есеге өссе, ал ол соншалықты нәтижелі болса, көмекке зәру халықтың саны азаймас па еді? Сіздің ойыңызша, жағдайы жақсы отбасылар мемлекеттен көмек сұрай ма? Аз қамтылған отбасылардың жайын өз көзіңізбен көрдіңіз бе?" - дейді Нұртас Адамбай
Божконың сөзін сынаған режиссер халықтың мемлекет алдында тізерлемейтінін, керісінше мемлекет халқын қорғауға міндетті екенін айтып, депутатқа зейнетке шығуға кеңес берді.