Жылқы иісі...
04-11-2023
Соңғы жылдары екпеден бас тартып жатқан ата-аналар көбейіп барады. Діни көзқарастың әсерінен перзентіне ине салдыруға қарсы шыққан тұрғындар вакцинаның сапасына күмәнмен қарайды. Сондықтан кейінгі кездері ақ халаттылар екпенің пайдасы мен сапасы туралы халық арасында насихат жұмыстарын жиі жүргізіп келеді. Өткен аптада шымкенттік дәрігерлер тұрғындар арасында үгіт жасады. Бұған себеп Оңтүстікте иммундау апталығының басталуы. Іс-шара аясында мамандар екпеден бас тартқан ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айта кету керек, жыл сайын мыңға жуық азамат вакцина салдырудан бас тартады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Олардың айтуынша, вакцина салу — жұқпалы ауруды алдын аладын бірден-бір жол.
«Соңғы жылдары бізде дифтерия, полимелит сынды аурулардың азайғаны байқалады. Тіпті бұл ауруларды сирек кездеседі десек те болады. Қазақстанның кез келген азаматына вакцина тегін жасалады. Басқа елден келгендерге де егу ақысыз жүргізіледі. Ата-аналарға айтарымыз — екпеден бас тарпаңыздар. Өйткені екпе аурудың алдын алуға жақсы көмектеседі. Сондай-ақ, вакциананың сапасына кепілдік де бере аламыз»,- дейді облыстық ТҚҚД-нің инфекция және паразитарлық ауруларды эпидқадағалау бөлімінің бас маманы Замира Есенғараева
Иммундаудың көмегімен күнгейде соңғы жылдары дифтерия, полимелит сынды аурулардың бәсеңдегені байқалыпты. Сондықтан дәрігерлер екпеден бас тартпай, алдын алу жұмыстарынан қалыс қалмауға шақырды. Тіпті, елде жасалатын екпенің сапасына кепілдік берді.
Мұрағаттан, 2016 ж