Тоқаев 21 мың теңгеге Отандық аяқ киімді сатып алды

Oinet.kz 01-08-2019 2124

Screenshot_30.jpg

Тоқаев сатып алған аяқ киім

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндірушіден аяқ киім сатып алды. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Айқын" қарапайым еңбек адамдарын үнемі насихаттайды. Жақында етік тігетін жас кәсіпкер туралы жақсы сұхбат жарияланды. Отандық өнімді қолдау мақсатында мен де бір аяқ киімін сатып алдым. Адал еңбек етіп, нақты кәсіппен айналысуға деген көзқарас орнығуы тиіс", - деп жазды Тоқаев.

Аяқ киім фабрикасы Алматы қаласында орналасқан.

Фабриканың Басқарушы директоры Дәурен Раманқұлдың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында өз компаниялары туралы ақпарат жарияланғаннан кейін, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілі онымен байланысқан.

Президент қара-қоңыр түсті таңдаған. Аяқ киімдер пошта арқылы жіберілген

«Бағасы - 21 мың теңге, аяқ-киімнің мөлшері - 43. Ол қара-қоңыр түсті аяқ-киімді сатып алды. Біздің аяқ киіміміз таза былғарыдан жасалған », - деді кәсіпкер.

Screenshot_31.jpg

Бас дәрігерлер арасында тренинг өтуде
Жыл сайын мыңға жуық адам екпеден бас тартады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу