«Бумажный дом» сериялындағы тонауға ұқсас - Куәгер банк бөлімшесін бопсалау оқиғасы жайлы айтты
Астанада Kaspi филиалында қарумен келген бопсалаушының қолында кепілдікте болғандар туралы куәгер мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі 5-tv.ru порталына сілтеме жасап.
Банкке келіп ақша бопсалаған адамды көрген Роза Шахан есімді бойжеткен оқиға кезінде қатты үрейленгенін жасырмады.
"Шынымен де, бұл сұмдық жағдай болды. Жан түршігерлік көрініс. Біз құтқаратындарды бақылап отырдық. Олар өте белсенді әрі жылдам әрекет етіп, оқиға орнына жетті", - деп бөлісті Роза Шахан есімді бойжеткен.
Ол барлығы "Бумажный дом" сериялындағы тонауға ұқсас болғанын атап өтті. Мұны өз басынан өткізген куәгер оқиға фильмнен де әлдеқайда қорқынышты екенін айтады. Бойжеткен мұндай оқиғаның Қазақстанда болуы мүмкін емес деп ойлаған да атап өтті.
Шахан жағдай барысында қорққанын, бірақ банк ішінде кепілге алынғандар үшін көбірек алаңдағанын алға тартты.
Еске салсақ, жексенбі күні Астанада қарулы адам Kaspi филиалында адамдарды кепілге алып, талаптары орындалмаса өлтіреміз деп қорқытқан еді. Ер адам Kaspi активтерінің барлығын мүгедек балаларға, кедейлер мен мұқтаждарға беруді талап етті. Басқыншы талаптарын орындауға үш сағат уақыт беріп, кейін кепілге алынғандарды өлтіруге уәде еткен болатын.