Қазақстандық журналисті Грузияда біреулер өлтіріп кеткен

Oinet.kz 19-06-2023 1395

Қазақстандық журналист Жанбота Төлеген көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Мұны Назира Дәрімбет Facebook-тегі "Қазақстан журналистері" тобында мәлімдеген. Айтуынша, Грузияда оны біреулер өлтіріп кеткен.

Жанбота Төлеген соңғы рет 19 мамырда әріптесімен байланысқа шыққан.

Грузиядағы Қазақстан елшілігінің консулдық бөлімінің басшысы Ерлан Әбішев  Жанботаның денесін елге жеткізу үшін еліміздің СІМ-не жүгінген.

“Жанботаның сыныптастары оның 21 мамырда Грузияда Телави қаласында өлтірілгенін хабарлады! Масқара! Сене алар емеспін, бұл қалай болған екен? Ол мұнда қалай тап болды? – деп жазды Назира Дәрімбет.

Журналистің ағасы Ерболат Алтайұлы ақпаратты растады. Ол 2 маусымда Қоянды ауылында жерленген.

Жанбота Төлеген кезінде Қазақстанға Ресейден көшіп келген, ол "Қазақстан тудэй" ақпарат агенттігінде аудармашы болып жұмыс істеді.

Екібастұзда мұғалім 14 жасар оқушыға жақындасуды ұсынып, хабарламалар жіберген
«Бумажный дом» сериялындағы тонауға ұқсас - Куәгер банк бөлімшесін бопсалау оқиғасы жайлы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу