Екібастұзда мұғалім 14 жасар оқушыға жақындасуды ұсынып, хабарламалар жіберген
Екібастұзда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі14 жастағы оқушыға тиісті деп айыпталды. Болған оқиға туралы баланың ата-анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Анасының сөзінше, мұғалім оқушыға түрлі хабарламалар жіберген.
"Ол хат жазып, түрлі әдепсіз ұсыныстар айтып, жақындасу туралы ұсыныстармен аудиожазбалар жіберген", – деп жазды анасы.
Екібастұз білім басқармасы бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
"Бұған дейін де, қазір де ата-аналар мен балалардан бұл мұғалімге қатысты өтініш түспеді. Ақпаратты көре салысымен мұны полицияға бердік", – деп жауап берді басқарма өкілдері.
Қазіргі таңда құзырлы органдар Қылмыстық кодекстің 123-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу" бабымен тексеріс жүргізіп жатыр.