Тұрғындар Арысқа қайтпайтынын айтып, Шымкенттен үй салып беруді сұрап жатыр

Oinet.kz 27-06-2019 5258

Screenshot_5.jpg

Кеше Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен өткен брифингте осы апта соңында арыстықтар Арысқа қайтарылатыны жөнінде белгілі болған еді.  Облыс әкімі Арыс қаласында ауқымды жұмыстар атқарылғанын, өрт толық сөндіріліп, көшелер мен үйлер тексеруден өткенін хабарлады. 

«Арыс қаласына тұрғындарды апта соңында кіргізетін боламыз. Уақытын нақты 28 маусым күні хабарлап айтамыз. Себебі, халықтың қауіпсіздігі үшін қаланы әлі де толық тазартуымыз қажет. Тұрғындарды үйлеріне орналастыру үшін облыстық полиция қызметкерлері мен дәрігерлер, төтенше жағдай департаменті мен құзырлы мекемелер үздіксіз қызмет көрсетеді. Арыс қаласы толық қалпына келеді. Алаңдайтын ештеңе жоқ. Мемлекет тарапынан арыстықтарға қолдау көрсетіледі. Бұл қиындықты да бірге еңсере аламыз», - деді Ө.Шөкеев. 

Screenshot_4.jpg

Фотода: Өмірзақ Шөкеев мешітте арыстықтармен кездесуде

Бірақ, бұл хабарға арыстықтар қуана қоймады. Олар «Арысқа қайтпаймыз. Ол жақта әлі жарылыс болу қаупі бар, радиация бар» деп наразылық білдіріп жатыр. Бұл туралы арыстықтар бүгін Шымкент қаласынындағы Орталық мешітте хабарлады. Көпшілік Арысқа мүлдем қайтпайтынын, орнына Шымкенттен жер яки пәтер сұрап жатыр. Бұған қатысты облыс әкімі өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы түсініктеме бермек болған еді, ашулы тұрғындар оған сөз сөйлеуге мүмкіндік бермеді. 

Screenshot_6.jpg

Дәл қазір көшеге шығып кеткен тұрғындар Арысты қалпына келтіруге бөлінген қаржыдан Шымкенттен үй салып беру жөнінде ұсыныс айтып жатыр.  

(P.S. Мақала толықтырылады)

Тоқаев қиын жағдайда қалған азаматтардың кредиттерін кешіру туралы тапсырма берді
Қызылорда облысының әкімі Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу