БҚО-да ер адам өзімен бірге тұратын әйелді көсеумен ұрып өлтірді

Oinet.kz 30-01-2023 946

БҚО-да ер адам өзімен бірге тұратын әйелді көсеумен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық оқиға 29 қаңтарда екеуінің түскі асынан кейін болған.  

«1990 жылы туған ер адам бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, 1982 жылы туған азаматшаның басына көсеумен бірнеше рет соққы жасаған. Әйел есін жимастан сол жерде көз жұмған», - деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер шетелдіктен героин мен психотроптық заттар тәркіледі
Алматы облысында 21 жасар қызды ұрлап әкетіп, 20 күн бойы зорлағандар жазадан құтылып кетуі мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу