Алматы облысында 21 жасар қызды ұрлап әкетіп, 20 күн бойы зорлағандар жазадан құтылып кетуі мүмкін

Oinet.kz 30-01-2023 4450

Отандық құқық қорғаушы Дина Таңсәрі жас қызды ұрлап әкетіп, бірнеше күн зорлық көрсеткендердің жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

«Алматы облысында 9 қаңтарда үйлену мақсатында жас қызды оның келісімінсіз алып қашып кеткен. Бойжеткен 28 қаңтарда қашып шыққан. Сол күнге дейін таяқ деп, зорланған, қорланған. 29 қаңтарда қыз анасымен бірге полицияға арыз жазады. Алайда сол күйі оған сараптама тағайындалмаған. Бұл оқиғада бірнеше қылмыс: адам ұрлау, заңсыз ұстау, зорлау әрекеттері бар. Қыз небәрі 21 жаста. Ол полиция қашан сараптамаға жібереді деп әлі жуынбай күтіп отыр! Бұл нағыз қорлық!» - деп жазды қоғам белсендісі Facebook парақшасында.

Аталған жазбаға Алматы облысының Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов түсініктеме берді:

«Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс туралы арыз Ұйғыр ауданы бойыншасотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу басталды. Қазіргі уақытта Ұйғыр ауданы тергеушісінің ұйғарымының негізінде Талғар аудандық ПБ жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», - деді Бауыржан Әленов.

Ол тергеу барысын өз бақылауына алғанын баса айтты.

БҚО-да ер адам өзімен бірге тұратын әйелді көсеумен ұрып өлтірді
Анализ компромата на Тимура Турлова: хейт конкурентов или объективная реальность?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу