Қытайға келін болған Айжан Райымбекова: «Бейжіңде әйелдер тамақ жасамайды, үй жинамайды»

Oinet.kz 26-09-2019 6158

Қытай азаматына тұрмысқа шыққан Айжан Райымбекова қазақ қызы өзінің бақытты екенін айтты деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат порталы «Евразия 1» арнасындағы «Бір сұрақ» бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

«Күйеуім екеуміз бес жыл дос ретінде араластық. Кейіннен достығымыз үлкен махаббатқа ұласты. Ол біздің ұлтымыздың мәдениетін жақсы көреді. Өйткені күйеуім қазақ ортасында өскен. Сөйтіп студенттер болып онымен біз жақсы араластық. Тұрмысқа шыққанан кейін Қытайда тұрдық. Ол жақта ер мен әйел барлық міндеттерді бірге атқарады. Екеуі де үй жинайды, тамақ әзірлейді. Бірақ Бейжің қаласындағы әйелдер ғана тамақ жасамайды, үй жинамайды. Олар тек жұмыс істейді.

Ең басында тілдік, мәдениет айырмашылығын сезіндім. Уақыт өте келе мен қытай тілін меңгеріп, таза сөйлей бастадым. Әрине кейбір мәселелер орын алып тұрды. Бірақ қиын кедергілерге тап болмадық. Негізінен өзара сыйластығымыз бен махаббатымыз бәрінен жоғары. Күйеуімді ағам және әжелерім қатты сыйлайды. Өйткені ол ақылды, жүрегі кең адам. Біздің мәдениетімізді жақсы біледі. Үш жылдан бері ораза ұстап келеді», – дейді Бейжіннің келіні атанған Айжан.

Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардың екі баласы бар. Олар қытай және орыс тілінде білім алып жатыр екен. Қытайда тұрғанымен, балалары Қазақстан азаматтығында дейді. Тіпті есімдерін қазақшалап Темірлан және Арсылан деп қойыпты. 

«Дауыс» әңгімелер антологиясының таныстырылымы өтті
Түркістан облысының полицейлері қарт жүргізушіге кептеліп қалған дөңгелегін ауыстыруға көмектесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу