Табысты мұғалімдердің форумы өтті

Oinet.kz 02-11-2022 303

Screenshot_1.jpg

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен, Шымкент қалалық Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен Шымкенттегі NIS базасында «Жас ұстаз: Табысқа апарар жол» республикалық аймақтық жас мұғалімдер форумы өтті.

Форум ұйымдастырушылары – отандық мұғалімдердің кәсіби дамуын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқан Педагогикалық шеберлік орталығының табысты командасының мақсаты: «Жасампаз жас ұстаз» жас мұғалімдер клубтарын құрып, кәсіби алаңға айналдыру, сондай-ақ мұғалімдердің білім сапасын көтеріп, шәкірт тәрбиелеудегі мұғалімнің белсенділігін күшейту.

Аталған форумға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қалалық ПШО директоры Жанар Калгинбаева, Шымкенттегі NIS директоры Индира Исмаилова, Шымкент қалалық қалалық білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы қатысты.

Мотивациялық спикерлер мен оқыту үрдісін талқылауға арналған тақырыптық алаңдар, жас мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары - білім беру саласын цифрландыру мен жаңа әдістер қосу тәсілдерін үйретті.

Шымкент қаласынан қатысқан 120 жас педагог пен қаладағы NIS-тің 10 ұстазы өзара тәжірибе алмасты.

Түркістан: "Әйелдердің ел дамуындағы рөлі" атты форум өтті
"Қожа Ахмет Яссауи және Ихсан ілімі" конференциясы өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу