Айсәуле Бақытбек келіндердің халат киюіне наразылығын білдірді
Танымал продюсер Баян Алагөзованың тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбек беташар мен құдалық кезінде келіндердің халат пен үй аяқ киімін киіп шығатындар мен ол дәстүрді қолдайтындарға қарсылық білдірді, деп хабарлайды OINET.KZ.
«Маған осы екі сұраққа жауап керек.Беташар мен құдалықтар кезінде келіндерге не үшін міндетті түрде халат пен үй аяқ киімін кигізеді. Оны ойлап тапқан кім өзі? Және адамдар бұл жайтқа қалайша қолдау білдіреді? Түсіне алар емеспін. Не үшін», - деп өзінің әлеуметтік парақшасында жеткізді Айсәуле Бақытбек.
Осылайша, Баян Алагөзованың тұңғышы ұлттық салт-дәстүр кезінде қазақ келіндерінің киіп шығатын киіміне қарсы шықты.