Мұғалімдер күніне екі құжат ғана толтыруға міндетті – Асхат Аймағамбетов

Oinet.kz 05-09-2022 2803

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Qazaqstan арнасының "Жедел желі" бағдарламасына берген сұхбатында мұғалімдерден күніне екі құжаттан артық құжат талап етілмейтінін айтты.

Screenshot_14.jpg

“Бұған дейін мұғалімдердің баланың қай пәтерде тұратынын анықтау үшін үй аралап жүрген кездері болды. Біз оның барлығын алып тастадық. Қазір мұғалімдер есік қағып, үй араламайды. Одан бөлек, мұғалім толтыратын құжат көп болатын. Саны тіпті 100-ден асатын. Соның бәрін реттеп жатырмыз. Президенттің тапсырмасының аясында "мұғалім күніне 2 ғана құжат тапсырады" деген бұйрық қабылдадық. Олар – баға қою және оқу жоспары”, –  деп түсіндірді министр. 

Министр енді мұғалімдер осы екі құжатты ғана толтыруға міндетті екенін атап өтті.

Айта кетейік, қазіргі күні педагогтер тарапынан басшылары электронды күнделікке толтырылған құжатты жыл соңында қағаз түрінде шығаруды талап етіп жатқандары туралы арыз-шағымдар айтылып жүр.

“Көптеген директор артық құжатты талап еткені үшін жұмыстан шығарылды”, –  деп айтты Асхат Аймағамбетов.

Нұржан Қуантайұлы декан болып тағайындалды
1 қыркүйектен бастап Ресей қант экспортына шектеуді алды: Елімізде өнім бағасы төмендей ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу