Ел Президенті Шөкеевке алғыс айтты

Oinet.kz 31-08-2022 920

Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевке көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды. Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты», - делінген хабарламада.

Өмірзақ Шөкеев 2019 жылдың 26 ақпанынан бүгінге дейін Түркістан облысының әкімі қызметін атқарып келді. Ол 24 тамызда отставкаға өтініш берді. Оған биылғы 23 ақпанда Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілініп, 10 жылға сотталуы себеп болды.

Консультациялық-диагностикалық қызметтер 1,7 есеге өсті
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурс басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу