Иван Дычко америкалық боксшыны жеңді

Screenshot_4.jpg

Ауыр салмақтағы отандасымыз Иван Дычко (8-0, 8 КО) америкалық боксшы Рэя Остинді (29-10-4, 18 КО) техникалық нокаутпен жеңді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Флоридада өткен жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Остин жұдырықтасуды жалғастырудан бас тартты.

29 жастағы Дычко жекпе-жектерінің барлығын АҚШ-та өткізіп келеді. Кәсіпқой боксқа ол 2017 жылдың қыркүйек айында ауысқан болатын. Иван Дычко Олимпиада-2012 және 2016-ның қола жүлдегері.

Ал, 48 жастағы Остин үшжылдық үзілістен кейін ақпан айында рингке оралған. 2007 жылы IBF титулына таласып, украиндық Владимир Кличкодан нокаутпен ұтылған.

Screenshot_1.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қостанай облысында 118 жас дәрігерге пәтер берілді
  • Алматыда оқушы қызды пышақпен қорқытқан азаматтың кім екені белгілі болды
  • Асқар Мамин Швецария Президентімен келіссөз жүргізді
  • Түлкібаста «Ана мен бала» монументі ашылды
  • Жамбылда лауазымды тұлға әскери билет үшін 35 мың теңге пара алған
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика