Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың мектептерде оқу жылын екі аптаға ұзартудың пайдасы туралы сұрады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Асхат Аймағамбетовтен мектептердегі оқу жылын екі аптаға ұзарту не себепті қажет екенін сұрады.
“Біз бір-бірімен байланысты екі маңызды шешім қабылдадық. Бір жағынан ол оқушылар үшін оқу жүктемесін азайту, екіншіден оқу жылының аяқталуын 31 мамыр қылып бекіту. Бұл мәселе бірнеше кешенді проблеманы шешеді. Біріншіден, бізде бүгінгі таңда бес күндік оқу форматына көше алмай жүрген 1,5 миллион бала бар. Енді олар бес күндік форматта оқитын болады. Яғни, осы 1,5 миллион бала үшін қосымша 36 демалыс күні пайда болады. Бұл 36 күнді балалар өз ата-аналарымен өткізуге, әлде басқа секцияларға, демалыс саябақтарына баруға жұмсауға мүмкіндік алып отыр. Екіншіден, биыл 100-ден астам мектепте үш ауысыммен оқу қаупі болған. Осы қабылданған шешімнің арқасында олар қазір екі ауысыммен оқуын жалғастырады. Үшіншіден бізде, бүгінгі таңда 1,5 миллион астам балалар екінші ауысымда оқып жатыр. Осы қабылданған шешім оқу жүктемесінің азайтып, кабинеттердің босауына әкеп жатыр. Осыған байланысты екінші ауысымда оқып жатқан 300 мыңнан астам оқушы енді бірінші ауысымға көшеді. Бұл мәселе ата-аналар үшін маңызды болып отыр”, – дейді министр.
Сондай-ақ Аймағамбетов еннді 150 мың мұғалім сенбі күнінің демалыс болуына орай 36 күнді өз қажеттіліктеріне жұмсай алатынын айтты.
“Жалпы, 3,6 миллион бала үшін оқу жүктемесі азайтылды. Бірақ бұл қабылданған шешімдер оқу сапасына әсер етпейді. Жазғы демалыстың ұзақтығы білім саласындағы көшбасшы елдермен салыстырғанда ең ұзақ. Яғни, 92 күнді құрайды. Жалпы, бір оқу жылында балаларға 4 рет демалыс қарастырдық. Оған қоса, демалыс және мереке күндерін есептегенде балалар жыл бойы барлығы 192 күн демалып, тек 173 күн метепке барады", - деді ол.
Еске сала кетсек, енді Қазақстанда жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін – 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайды.
күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);
қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);
көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).
жазғы демалыс – 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.
Осылайша, оқу жылы 31 мамырда аяқталады.
1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы). Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.