Ордабасылық полицейлер суға шомылған тұрғындарға түсіндірме жүргізді

Oinet.kz 01-08-2022 523

Screenshot_8.jpg

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлерімен бірге рейдтік шара жүргізді. Олар аудандағы өзендер мен көлдерге, каналдарға барып, ондағы жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жасады. Сонымен қатар тыйым салынған аумақтарға суға шомылуға болмайтындығын баса айтты. Және алғашқы көмек көрсету ережелерін түсіндірді. 

Айта кетер болсақ, полиция қызметкерлері жыл басынан бері аудан аумағында белгіленбеген аумақтарда суға түсіп, ережені бұзғаны үшін 4 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы 1-бөлігі «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша хаттама толтырған.

Облыс полицейлері тұрғындарға суға шомылу маусымында барынша сақтық шараларын ұстануға кеңес береді. Жасөспірім балаларыңызды қараусыз жібермей, тыйым салынған аумақтарға суға түсуге болмайтынын  еске салады. Жазатайым жағдайды болдырмас үшін сақ болайық!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

​ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы басталды
Созақтық полицейлер 6 ай ішінде 3500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу