Созақтық полицейлер 6 ай ішінде 3500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Oinet.kz 01-08-2022 522

Screenshot_9.jpg

Созақ аудандық полиция бөлімінде жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен жедел кеңес өтті. Жиынның басты мақсаты - осы жылдың жарты жылдығында құқықбұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде атқарған жұмыстардың нәтижесін талқылау.

Іс-шарада жеке құрам қызметкерлерінің арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы полиция подполковнигі Күмісбек Қамшыбеков баяндама оқыды.

Сонымен қоса аудан бойынша полицейлермен 6 ай ішінде 3258 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Атап айтар болсақ,  отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша – 40, белгіленбеген орында сауда жасау – 6, ұсақ бұзақылық – 5, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау -  107, қоғамдық орында мас халде жүру – 143, қорғау нұсқамасын бұзу – 2, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру бойынша 371 құқұқықбұзушылық тіркелген. Сонымен қатар көлікте ұялы телефон пайдалану – 60,  қауіпсіздік белдігін тақпаған – 318, қарсы бағытқа шығу – 2, жаяу жүргіншіге жол бермеу – 13, мас халде көлік басқарған – 17, жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуі бойынша 263 дерек тіркелген.

Жиын кезінде тәртіп сақшыларының алдағы жұмыс жоспарлары айтылып, жеке тапсырмалар берілді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ордабасылық полицейлер суға шомылған тұрғындарға түсіндірме жүргізді
Дәмханадан ұялы телефон ұрлаған ер адам ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу