Жас жігіт жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болды

Oinet.kz 30-07-2022 825

Өскеменде 23 жастағы жас жігіт жаяу жүргіншілер көпіріне шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

Оқиға 29 шілдеден 30 шілдеге қараған түні Спорт сарайының маңында болған. Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары көпірге шығып, жігітке жетіп, онымен әңгімелескен.

“Адекватсыз күйдегі жігіт секіремін деп айқайлаған. Осы аралықта төтенше жағдайлар қызметі жігіттің көңілі ауған кезде оны ұстап алып, кейін сақтандыруға арналған құтқару құралдарын кигізді”, – деді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде жас жігітті баспалдақпен түсіріп алып кетті.

Операцияға оқиға орнын қоршауға алып, құтқару арқанын ұстауға көмектескен полиция қызметкерлері қатысты.

Жігітті мән-жайды анықтау үшін ішкі істер органдарына жіберді.

​Көргенді ененің баласына айтқан ақылы
«Тірі баламды өлтіріп берді»: Шымкентте сәбиінен айырылған ана президенттен көмек сұрайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу