Шымкентте 17 жасар жігіт 19 жастағы жігітті бұрағышпен өлтірген

Oinet.kz 26-07-2022 997

Шымкентте төбелес кезінде 19 жасар жігіт қайтыс болды. Оны өлтірген күдіктінің жасы 17-де, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Отырар" арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_21.jpg

Өліммен аяқталған қылмыс оқиғасы 26 шілдеге қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, күдікті үшкір затпен (болжам бойынша бұрағыш) екі соққы жұмсаған. 

Алған жарақатының салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмды. 

Құқық қорғау органдары күдіктіні қолға түсірді. Кей деректерге сәйкес, оның жасы небәрі 17-де. 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріс жүруде. 

Қойымды саттың деп ренжіген бозбала үйінен кетіп қалған
«Дүрбелең жалғасады»: Ербол Қарашөкеев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу