14 жыл бұрын жасаған қанды қырғын үшін өлім жазасына кесілді

Oinet.kz 26-07-2022 771

Жапонияда істі болған адам түбі бір жаза күтетінін біледі. Бірақ қай күні жазаланатынын, сол күні таңертең ғана біледі. Әдетте елде өлім жазасы дарға асу арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме беріп.

Screenshot_18.jpg

2008 жылы маусымда Токионың орталығында болған қанды қырғын үшін өлім жазасына кесілген 39 жастағы Томохиро Катоны өлім жазасына кесу осы жылдың 26 шілдесінде орындалды.

Бұл премьер-министр Фумио Кишида үкіметі тұсында екінші рет жүзеге асқан өлім жазасы болды.

2008 жылы маусымда Акихабара қаласында адам көп жүретін көшеде болған атышулы кісі өлімінің құрбаны жеті адам болды, тағы 10 адам жараланған. Құқық бұзушы жүк көлігін көп адамдардың арасына айдап, көшені жауып тастаған, содан кейін ол көліктен түсіп, өтіп бара жатқан адамдарды пышақтай бастаған.

Ұсталғаннан кейін қылмыс жасаған кезде 26 жаста болған Томохиро Като өмірге деген қызығушылығын жоғалтқандықтан, әдейі біреуді өлтіру үшін Сидзуока префектурасынан Токиоға келгенін айтты.

Айыптау үкіміне сәйкес, Томохиро Катоның психикалық ауытқуы жоқ және өз әрекеті үшін толық жауап бере алады деп танылған. Сондықтан, келтірілген дәлелдемелердің, сондай-ақ тергеу әрекеттерінің нәтижелерінің негізінде сот өлім жазасын тағайындау туралы шешім шығарды.

Жапон заң ғылымында өлім жазасы әдетте бірнеше адамды өлтірген жағдайда қолданылады. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Жапонияны адамгершілікке жатпайтын жазалау шарасын жоюға шақырады. Жылына шамамен он шақты үкім орындалады.

Screenshot_17.jpg

Нұр-Сұлтанда бірнеше ғимарат өртеніп, төрт адам зардап шекті
Түркістанда «Tartyl fest» фестивалінің жеңімпаздары анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу