Нұр-Сұлтанда бірнеше ғимарат өртеніп, төрт адам зардап шекті
Нұр-Сұлтанда жанармай толтыру бекеті мен қоймада өрт шығып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қобда көшесі, 6 мекен жайындағы өрт туралы хабарлама сағат 25 шілде күні 22.05-те түскен. Бірнеше бір қабатты ғимараттар, екі қабатты қойманың шатыры мен жанармай толтыру бекетіндегі газ жанып кеткен.
Келген бойда өрт сөндірушілер бір қабатты ғимараттың өртенуін және екі қабатты ангардың шатыры, сондай-ақ газ толтыру станциясында газдың лаулап жанып жатқанын анықтады.
Департамент мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру штабы құрылып, апаттың алдын алуға арналған жауынгерлік аймақтар ұйымдастырылды.
Жедел жәрдем станциясының алдын ала мәліметі бойынша, төрт адам зардап шеккен.
Төтенше жағдайлар департаменті сағат 01:23-те өртті толығымен ауыздықтағанын хабарлады. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.