Жамбыл облысында атасы мен немересі суға батып кетті

Oinet.kz 25-07-2022 550

Жамбыл облысында өзенге батып кеткен 7 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

Қайғылы оқиға 23 шілдеде сағат 17:30 шамасында Тараз қаласына жақын маңдағы Жамбыл ауданында, Жасөркен ауылының маңында болған. Немересін ерткен қарт сол күні өзенге шомылмақ болғанда суға батып кеткен.

Суға батып кеткен ер адамның денесі шығарылған соң, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар Талас өзеніне батып кеткен қыздың денесін бір тәуліктен астам уақыт іздеді.

«Іздеу жұмыстары 24 шілдеде сағат таңғы 5:00-ден басталды. Оған Жамбыл облыстық ТЖД 74 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына суға батқан қыздың туыстары мен жақын маңдағы ауыл тұрғындары да асталысты. Қызды іздеу туралы әлеуметтік желіге жазылған хабарламаға еріктілер де үн қосып, көмектесті. Қыздың денесін су ағысы алып кеткен. Іздеу жұмыстарына барлығы 200 адам қатысты», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Сәуле Мұңатбаева.

Қыздың денесі 24 шілдеде сағат 18:10-да табылды.

Айта кетейік, суға батып кеткен ер адамның жасы 61-де, ал немересі 7 жаста болған. Қыздың ата-анасы жұмыс іздеп өзге елге кеткен.

Жамбыл облыстық ТЖД жергілікті тұрғындар мен еріктілерге көрсеткен көмегі мен іздестіру жұмыстарына атсалысқаны үшін алғыс айтты.

Ақтөбе облысында малшыны найзағай соқты
«AMANAT»: Мобильді қоғамдық қабылдау жобасы Cайрамда жалғасты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу