Ақтөбе облысында малшыны найзағай соқты
Ақтөбе облысында жай соққан малшы зардап шекті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Оқиға 24 шілдеде сағат 08:00 шамасында Мұғалжар ауданында болған.
«Ембі қаласында малшыға найзағай түскен. Ол кезде 41 жастағы ер адам мал бағып жүрген. Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді», – дейді облыстық ТЖД өкілдері.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның оң қолын, кеудесін, қабырға тұсын және оң аяғын күйік шалғанын айтты. Денесінің 15% күйген. Зардап шеккен адамның жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта.