Түркістандық полицейлер зауытқа 4 000 000 теңгеге жуық шығын келтірген қоймашыны ұстады

Oinet.kz 19-07-2022 555

Түркістан ҚПБ-ға құрылыс зауыттарының  бірінен хабарлама келіп түскен. Онда аталған зауытқа тиесілі тауарлардың бірқатары жымқырылғаны  көрсетілген. Келтірілген жалпы шығын көлемі 4 000 000 теңгеге жуық. 

Screenshot_3.jpg

Істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде күдікті азамат  осы зауыттың қоймашысы болып шықты.Ол  тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. 

Аталған дерек ҚР  ҚК-нің  189-бабы, яғни «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.

Белгілі болғандай, күдікті ер азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, зауытқа тиесілі техникалар мен тауарларды  сатып жіберген. Ал ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері тұрғындарға барынша қырағы болып, өздерінің бағалы мал-мүліктерін кез келген таныс емес адамдарға сеніп тапсыруға болмайтынын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер көліктен телефон ұрлаған ұрыны ұстады
Түркістан полицейлері жоғалған 10 жасар жасөспірімді тауып, үйіне қайтарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу