Қаңтардан бастап жалақы 25 пайызға артады - министр
Қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 25 пайызға өседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде айтты.
«Жалақы бойынша қосымша мәселелерді қарастырып жатырмыз. Зерттеулер балабақшада балалардың болашағы қалыптасатынын көрсетіп отыр. Сондықтан балабақшадан бастап сапалы білім, сапалы тәрбие берсек, мектепте де, колледжде де жақсы көрсеткішке қол жеткізеді», - деді министр.