Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
АҚШ-та Флоридалық ерлі-зайыптылар бір жарым жастағы баласын өлтірді деп айыпталды. Олар өздерінің вегетариандық ұстанымдарының кесірінен баланы тек шикі жемістер мен көкөністермен тамақтандырған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде бала уақытылы дұрыс тамақтанбауының себебінен көз жұмды. Оның салмағы да қажетті нормадан екі есеге аз болған.
Оның анасы 39 жастағы вегетариан Шейла О ' Лири ұлының бір апта бойы тамақтануды тоқтатқанын және үнемі жылағанын мойындады. Бірақ бұл әйелді алаңдатпаған. Ол бала тыныс алуды тоқтатқан кезде ғана дәрігерлерге жүгінген.
Қазылар алқасы О' Лириді баланың өліміне кінәлі деп танып, үкім шығарды. Мемлекеттік заңдарға сәйкес, ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Синдзо Абэнің партиясы оның өлімінен екі күн өткен соң жеңіске жетті
Әйелдің күйеуі де балаларды қорлады деп сотқа жүгінген. Қайтыс болған бүлдіршіннен басқа, ерлі-зайыптылардың тағы үш баласы бар. Белгілі болғандай олар да үнемі ашығып жүрген екен.
"Біздің осында тұруымыздың себебі міне! Бұл отбасының балаларының ашыққандары соншалықты кенжесі дұрыс тамақтанбаудың кесірінен қайтыс болды",- деді сот процесінде прокурордың көмекшісі Сара Миллер.