Түркістанда тарихи көрменің ашылуы өтті

Oinet.kz 05-06-2022 532

Түркістан облыстық Ұлы Дала Елі орталығында «Тарихы – терең Ақжайық, Тақсай ханшайымы» атты көрменің ашылуы өтті. 

Screenshot_1.jpg

Көрмені ұйымдастырушы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі. Көрмеде көпшілік назарына 2012 жылы  Теректі ауданындағы Долинное елді мекенінің маңынан табылған «Алтын әйел» тарихи жәдігері қойылды. Тақсай кешенінен табылған жәдігердің зерттеу жұмыстары БҚО тарих және археология орталығында жасалған. Тақсай ханшайымының бейнесін Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберханасы мамандары ғалымдармен бірлесе отырып қайта қалпына келтірген. Зерттеуші-ғалымдардың пайымдауынша, Тақсай кешенінен табылған «Алтын әйел» қабірі ежелгі сармат кезеңіне тиесілі. Олай деуге әйелдің жерлену тәсілі мен сары металдан жасалған бұйымдар негіз болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Құтқару белдемшесімен шомылған: Шымкентте 6 жасар бала бассейнге батып көз жұмды
Дәрігерлердің кесірінен мүгедек болып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу