Қорғаныс министрі жас сарбаздардың өліміне әскердің кінәлі емес екенін айтты

Oinet.kz 08-06-2022 2338

ҚР қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жас сарбаздардың өліміне әскердің кінәлі емес екенін айтып, ең алдымен жастардың неліктен өз өзіне қол жұмсайтынының себебін білу қажет деді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Screenshot_6.jpg

"Біз ең алдымен жастардың өз өзіне қол жұмсауының себебін түсінуіміз керек. Мұндай жағдайға тек әскер ғана кінәлі болмайды. Ол әскерге барғаннан кейін оның өмірі үшін жауапкершілік командирдің мойнында болатыны түсінікті, бірақ адам әскер қатарына жетілген күйде, азаматтық қоғамның арасынан шығып, өз мәселелерімен бірге келді", - деді Жақсылықов мәжіліс алаңында журналистердің сұрағына жауап беріп тұрып.

Қорғаныс министрі әскердің басты міндеті – өзінің қиындығымен келген адамның мәселелерін теңестіру екенін атап өтті

Грузиядағы қазақ қызының өлімі: Күдікті алқабилер сотынан бас тартты
Қазақстанда вейптерді сатуға және шегуге тыйым салынатын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу