Ата-аналар жиналысы енді басқаша өтеді - министр

Oinet.kz 07-06-2022 1754

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде ата-аналар жиналысын өткізу форматы өзгеретінін хабарлады.

Screenshot_2.jpg

"Мектепте ата-аналар жиналысын өткізуге қатысты мәселе бірнеше рет көтерілді. Өткен жылы ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу жайлы тапсырма берілді. Барлық мектеп ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшуі керек. Оларды жинап алып, басқа адамдардың көзінше баланың үлгерімі мен тәртібін талқылаудан арылған жөн. Оның орнына жеке, топтық немесе ұжымдық форматта ұйымдастырған тиімді. 

Әрбір ата-анаға педагогтен өз баласының жетістіктері мен әлсіз тұстары туралы ақпаратты ала-алатындай жағдай жасауымыз керек. Ол үшін ата-аналармен қарым-қатынасты жаңаша жүргізу маңызды. Әрине, баласын басқа атa-аналардың көзінше талқылап жатса, ата-аналар жиналысқа келгісі келмейді", - дейді министр.

Қазақ тілі ешқашан өлмейтін мәңгілік статус алды
Алматы облысында кішкентай қызды ит талап тастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу