"Менің кішкентай балаларым, қыздарым бар": Вице-премьер әскердегі өлім жағдайлары жайлы

Oinet.kz 07-06-2022 2273

Вице-премьер Ералы Тоғжанов үкімет отырысында бейбіт күнде әскерде сарбаздардың қаза болу жағдайына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Screenshot_10.jpg

БАҚ өкілдері Ералы Тоғжановтан неліктен бейбіт уақытта армияда жас жігіттер қайтыс болып жатқанын сұрады. Сондай-ақ үкімет басшысының орынбасарына Қазақстан армиясына реформа жасайтын кез келмеді ме, келісімшарт бойынша әскери қызметке тартуды қалдырып, мерзімді әскери қызметтен бас тарту қажет емес пе деген сұрақ та қойылды. Тоғжановтың сөзінше, мерзімді әскери қызметтен бас тарту дұрыс емес.

"Жастар отан алдындағы борышын өтеуі тиіс. Мүдделі мемлекеттік органдар соның ішінде бірінші кезекті Қорғаныс министрлігі осы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті", - дейді ол.Сонымен қатар вице-премьер өзі отан адындағы борышын Отардағы 25717 әскери бөлімде өтегенін атап өтті.

"Әр түрлі жағдайлар болды, сарбаздардың өлімі де болды. Ол кезде жалпыға бірдей міндеттеме болған, бүгінде ондай міндеттеме жоқ. Жыл сайын шамамен 35 мың адамды әскери қызметке жібереміз. Менің кішкентай балаларым, қыздарым бар, олар әскерде болған жоқ", - дейді үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін президент Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне назар аударып, мұндай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру үшін арнайы комиссия құруды тапсырған еді.

Референдум нәтижесі – демократияның тағы бір жеңісі
Қазақ тілі ешқашан өлмейтін мәңгілік статус алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу