Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Белгілі тележүргізуші Диана Қырықбай болашақ жарының анасына сәлем салып, қызмет етуге дайын екенін айтты. Бұл туралы ол "Не хабар?" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Мен шырайлы Шымкенттің қызымын. Болашақта сәлем беремін, енеме қызмет етемін. Ал әлеуметтік желідегі Диана — ол жай ғана образ. Өйткені мен жастармен солардың тілінде сөйлесейін дедім. Мен отырып алып "айналайындар, қарақтарым-ау, бүйтуге болмайды" десем, олар маған "сау бол" дейді. Егер олардың тілінде сөйлесем, маған беттері бері қарайды. Мен осылайша біртіндеп жақсы дүниелерді айта бастаймын", — дейді Диана Қырықбай.