Бір туған ағайындылардың балалары бір-біріне үйлене беруіне әбден болады - Қырғызстандық имам
Қырғызстандық имам Мақсат Тоқтомушев уағыздарының бірінде ағайындылардың балалары бір-біріне үйленуге әбден болатынын айтқан. Бұл туралы кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Мына имамдардың айтуынша ағайында адамдардың балалары бір - біріне үйлене беруіне әбден болады екен. "Жеті ата өтпей үйленуге болмайды",- деген сонда қазақтың надандығы ма? "Шымшық сойса да қасапшы сойсын" дейсіздер ғой.. сонда осы имамдарды, ислам ғалымдарын тыңдасақ не болғаны? Ұрпағымыз азғын болып кетпейді ме?", - деп жазды Ахметбек Нұрсила.