Жанар Айжанова: Қазіргі енелер ұлдарын келіндерінен қызғанады

Oinet.kz 01-06-2022 3038

Жақында "Аппақ келін" телехикаясына түскен Жанар Айжанова "Қызық Live" бағдарламасында бүгінгі қоғамда келін мен ене қарым-қатынасы жайлы өз ойын білдірді.

Screenshot_12.jpg

"Қазіргі таңда осы ене мектебінің жоқтығынан, енелердің біліксіздігінен көп шаңырақ ортаға түсіп жатыр. Қазақтың салтында келген келінді төпелемеген. Біз жеңгелерімізді қатты сыйлайтынбыз. Бізді аналарымыз сыйлатты. Мен мысалы жеңгелерімнің бөлмесіне кіріп көрмеппін. Этикаға жатпайды. Қайынысы, қайын ағалары мен қайын атасы жастардың бөлмесіне кірмейді. 

Содан кейін екі жылдай келін үйге үйреніседі. Сол уақытта енесінің бар тәрбиесін өзіне сіңіріп алады да келін енесіне жақын болып кетеді. Ал қазіргі енелер келінге ақыл айтқаны былай тұрсын. Олар өз балаларын қызғанады. Сөйтіп енелердің біліксіздігінен, келін мен ене арасындағы кикілжіңнен кейін көп жағдайда балалардың махаббаты қайраң қалады, ортасына түсіп жатады", - деді Айжанова.

Бір туған ағайындылардың балалары бір-біріне үйлене беруіне әбден болады - Қырғызстандық имам
Батырды елжіреткен балдырған кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу