Түркістан облысында салтанатты шеру өткізіліп, 50-ге тарта полицей марапатталды

Oinet.kz 06-05-2022 818

Screenshot_9.jpg

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Отан қорғаушылар күні», «Жеңіс күні» мерекелеріне орай «Жеңіс саябағында» салтанатты шара өткізілді. Бұл мереке – Жеңіс туы желбіреген, ерліктің жеміс берген күні. Соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлерінің қайтпас қайсар, мықты күш-жігері, батырлық әрекеттерімен келген Жеңіске бүгінде 77 жыл толды. Иә, сол қиын кезеңдегі аталарымыздың арқасында біз, бүгінде мамыражай күн кешіп отырмыз. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан полицейлер ұйымдастырған жиынның бастауы, қолдарына қару асынып, қиын да қауіпті соғысқа ойланбастан ел үшін аттанып, ерлікпен қаза тапқан батыр аталарымызды бір минут үнсіздікпен еске алып, даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Салтанатты шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, полиция департаментінің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері және басқа құрметті қонақтар қатысты. Алғашқы сөзді алған облыстың бас полицейі М.Қабденов: «Ардақты ардагерлер мен әріптестер! Баршаңызды 7 мамыр - Отан қорғаушылар, 9 мамыр – Жеңістің 77 жылдығымен құттықтаймын! Бабаларымыз сұм соғыста қайсарлықпен соғысып, жеңіске жетті. Ешқашан еңсесі түспеген, елімізді сақтап қалу үшін жанын тәуекел еткен. Сол себепті олардың ұрпағы үшін атқарған елеулі еңбегіне баршамыз бас иіп, алғысымызды айтуымыз керек. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бойындағы асыл қасиет ұрпаққа аманат! Ал олардан аманат ретінде бізге берілген кең-байтақ жеріміз, тіліміз бен дініміз мәңгілік мұра. Ендеше ардақты ардагерлер, ішкі істер органдарының ардагерлері сіздердің жас ұрпаққа береріңіз көп! Әрқашан аман есен арамызда жүргейсіздер! Ал қасиетті өңірдің тәртіп сақшылары облыстағы қылмысты болдырмауда аянбай еңбек етеді деп сенемін. Қос мереке баршаңызға береке, толағай табыс пен татулық сыйласын. Отбастарыңызға ырыс пен ынтымақ, молшылық пен бақ дәулет тілеймін!»-деп, мерекелік құттықтауын жеткізді. Одан әрі құттықтау сөзін ТО ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев алып, өзінің ізгі тілегін арнады. 

Мерекелік іс-шара полиция қызметкерлерінің ант қабылдауы, сонымен қатар тәртіп сақшылары, ардагерлерді марапаттау рәсімдерімен жалғасты. Яғни өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін ҚР ІІМ тарапынан 18 полицейге түрлі дәрежедегі марапаттар ұсынылса, ТО ПД-нің бастығы, полиция генерал-майоры М.Қабденов ІІО-ның ардагерлерін «Алғыс хатпен» марапаттап, 20-дан астамтәртіп сақшысына алғыс жариялады.

Одан қоса арнайы даярлық және жұмылдыру басқармасының тәртіп сақшылары қылмыскерлерді ұстау кезіндегі іс-қимылдарын көрсетіп, жиналғандарды өздерінің мықтылығымен тәнті етті. Осылайша салтанатты іс-шара соңы дарынды полицейлер мен облыстық эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласып, жеке құрамның мерекелік шеруімен аяқталды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«АМАNАТ»: Референдумды қолдау үшін облыстық штаб құрылды
Түркістандық полицейлер 5 күн бойы үйіне оралмаған оқушы қызды тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу