Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа тұрмысқа шыққан соң үйде отырып қалғанын айтты. Ол бар уақытын отбасына арнап, мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Оқуды аяқтаған жылдары театрға деген махаббатым сонша, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында контролер болып істесем де, жұмысқа кіремін деген мақсат болды. Сөйтіп сахна тарландарының өнерін аяғымнан тік тұрып тамашаладым, әр қойылымды өзіме көрсетіп жатқан шеберлік сағаты, сабағы деп қабылдадым. 2006-2007 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына актриса болып жұмысқа орналасып, бірнеше рөлді сомдап шыққам. Сөйтіп жүргенде Қайрекең актрисаның рөлінен шәйнектің руліне отырғызды ғой.
Араға біраз уақыт салып, өсетін ұл мен қызды өсіріп, өз мамандығыма, махаббатыма қайта оралдым", – деп бөлісті Әбдікәрімова.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова "Махаббат мұнарасы" атты спектакльде басты рөлді сомдады. Қойылым Түркістан музыкалық драма театрында көрсетілуде.