Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жыр шумақтарын оқыған видеосын жариялады.
"Босаттым ішімдегі бір адамды
Кешірдім кінәларды, күнәларды.
Сөйтті де өмір мұңнан бір тазарды,
Сөйтті де көңіл кірден бір ағарды.
Болса екен ұзағынан осы күндер,
Бәлкім ел қателік-ау шешімің дер.
Ей адамдар, бақытты болғың келсе,
Бақытсыз қылған жанды кешіріңдер", - деп сыр шертті Жұлдыз.
Көпшілік актриса өзінің жеке өмірі жайлы айтты деп түсінді. Еске сала кетейік, ел ішінде Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова ажырасып кетті деген болжам желдей есті. Дегенмен жұлдызды жұп көптеген іс-шараларда бірге төбе көрсетіп қалып жатады.