Болат Назарбаевтың тағы бір қылмысы әшкереленді

Oinet.kz 15-03-2022 9778

Қазақстанда заңсыз майнингпен айналысып, жүздеген миллон теңге тапқандар - Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің айналасындағы адамдар болып шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Kaztaq.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

«Заңсыз жұмыс істеп тұрғаны анықталған майнинг фермаларға қатысы бар кәсіпкерлер арасында Болат Назарбаев, Александр Клебанов, Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысындағы белгілі кәсіпкерлердің бірі Ерлан Нығматулин бар», - деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі сейсенбіде.

Болат Назарбаев – тұңғыш президенттің інісі, Клебанов – оның сенімді адамы, Шәріпбаев – тұңғыш президенттің қызының күйеуі, ал Ерлан Нығматулин – Нұрлан Нығматулиннің бауыры.

«Қабылданған профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде 55 майнинг ферма өз еркімен жұмысын тоқтатты. Олар жұмысты толығымен тоқтатып, техниканы бөлшектеп, орналасу орындарынан алып шықты. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, аталған жабдықтың қайталама айналымға тартылуын болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп толықтырды .

Қазақстандық кәсіпкер кедейге елге құдық қазып берді
Бас басына би болса…
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу