Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды
Жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатқан әнші Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әншінің әйелі Гүлбаршын Байжігітованың айтуынша, кеше, 28 ақпанда әншіге ота жасалған.
"Дәрігерлермен сөйлестім. Операция жасалды. Ота сәтті аяқталды. Наркоздан оянды. Бірақ бізді кіргізбеді, әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы жақсы екенін айтты", - дейді Гүлбаршын Байжігітова.
Оның айтуынша, әнші Қызылағаш-Сағабүйен тасжолында жол апатына түскен. Ауруханаға 27 ақпанда таңғы уақытта түскен.
"Қазір нақты қай ауруханада жатқанын айта алмаймыз. Түрлі дене жарақатын алған, аяқ-қолы сынған. Соған байланысты операция жасалды. Аллаға мың да бір шүкір. Тілектес болып жатқан барша халыққа менің және отбасымның атынан көп рахмет. Көп тілеуінің арқасында жағдайы жақсарды деп ойлаймын", - дейді әншінің әйелі.