Ресейліктер мен украиналықтар Таиландта ем ала алмай жатыр
OINET.KZ - Ресейдің Пхукет аралындағы бас елшілігі Facebook-те Таиландта бірнеше аурухана ресейліктер мен украиналықтарға қызмет көрсетуден бас тартқандығы туралы жазуда.
"Пхукеттің Bangkok Hospital Phuket, Bangkok Hospital Siriroj, Dibuk Hospital медициналық мекемелері Ресей мен Украина азаматтарынан медицина қызметтерінің ақысына медициналық сақтандыруды қабылдауды тоқтатқаны жөнінде Бас елшілікке ресми түрде мәлімдеді", – делінген хабарламада.
Шектеу 28 ақпаннан бастап енгізілген. Алайда екі ел тұрғындары қолма қол ақша төлеу арқылы медициналық мекемелерге бара алады.
Жақын арада мұндай тәжірибе бүкіл патшалық аумағындағы медициналық мекемелерде қолданылуы мүмкін екені айтылды.