Жер берілмейді!

Oinet.kz 01-03-2022 510

архабаев.png

Шымкент тұрғындарын баспанамен қамтуға 25 жыл керек. Бұл туралы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Архабаев ақпараттық коммуникация орталығында берген брифингінде айтты.

– Шымкенте пәтер кезегінде бүгінде 48600 адам тұр. Жыл сайын 2 мың пәтер берілсе де, бәрін баспанамен қамтуға кемі 25 жыл кетеді, – деді Архабаев.

Спикердің сөзіне сүйенсек, тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға өтініш бергендер 120 мыңнан асады. Бірақ, мегаполисте жер беріліп жатқан жоқ. Алдағы уақытта да жоспарға енгізілмеген.

– Шымкентте бұрын көпқабатты тұрғын үйлер салынбаған 40 елді мекен бар еді. Республикалық қала мәртебесін алған соң шаһар аумағы үлкейіп, олардың саны 80-ге жетті. Негізі қалаларда көпқабатты үйлер 60, жеке сектордағы үйлер 40 пайыз болуы тиіс. Бізде керісінше, 30 пайыз көпқабатты, 70 пайыз бір қабатты үйлер. Жеке секторға жер беру қаланың экономикалық дамуына тиімсіз. Қымбатқа түседі. Сондықтан мегаполистің жаңа бас жоспарыда көпқабатты үйлер салуға басымдық берілетін болады, – дейді архитектор.

Саят Медеуовтің қазіргі жағдайы белгілі болды
Гендер пати өткізу күнәға жата ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу