Гендер пати өткізу күнәға жата ма?

Oinet.kz 02-03-2022 1410

Соңғы жылдары сәби күтіп жүрген жас жұбайлар дастархан жайып, достарын шақырып, дүниеге келетін нәрестенің жынысын жария етуді дәстүрге айналдырды.

Алайда көпшілік бұл дәстүрдің қазақ халқына жат екенін айтып жатыр.

Screenshot_5.png

Қазақы ғұрып қоржыны бұрын естімеген әдеттермен толығып жатыр. Соның бірі — gender party, яғни аяғы ауыр келіншек немесе отбасының жақын достары құрсақтағы шарананың жынысын болашақ әкесіне сүйіншілеп, тосынсый жасайды.

Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесін қолына алған әйел қағазды ашпайды. Жағымды жаңалық шардың түсі, тәтті торттың түсі немесе қорапқа жасырылған басқа да атрибут арқылы жеткізіледі. Тіпті бұл кешті арнайы ұйымдастырып беретін орталықтар да бар.

Ал Құран Кәрімде: "Алла әрбір ұрғашы жыныстың не көтергенін, құрсақтардың нені кемітіп, нені арттыратынын, нені түсіріп (яғни түсік тастап немесе ай-күні толмай босанатынын), нені мерзімінен асырып жіберетінін толық біледі. Оның құзырында барлық нәрсе өлшеулі", — делінген ("Рағыд" сүресі, 8-аят).

"Бүгінде құрсақтағы баланың жынысын ультрадыбыстық зерттеу арқылы анықтауға мүмкіндігіміз бар шығар. Бірақ алдағы уақытта оның дүниеге қалай келетінін, сосын қалай өмір сүретінін Алла Тағаладан басқа ешкім білмейді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Ғайып (құпия заттың) кілті бесеу. Оны Алладан басқа ешкім білмейді. Ертең не болатынын, әйелдің кімді босанатынын, жауын қашан жауатынын, кісі қай жерде өлетінін, Қиямет қашан болатынын Алладан басқа ешкім білмейді", — деген (Бұхари). Сондықтан алдын ала қуанып, тумаған балаға той жасау әбестік болып есептеледі", — делінген Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында.

Сондай-ақ, шариғатымызда айтылмаған, дінімізде бұйырылмаған істі істеу арқылы күнәға жол ашады. Үшіншіден, босқа мал шашып пайдасыз жиын өткізсе, ысырап жасаған болады. Төртіншіден, дінсіз қоғамның әдетін ұстанып, соларға еліктеу адамды адасушылыққа алып барады. Бесіншіден, қазақтың ғұрып әдетінде аяғы ауыр келіншек барынша тіл-көзден сақтанған және өзінің жағдайын жария етуді ұят санаған.

Айта кету керек, гендер пати өткізуден жұлдыздар мен блогерлер көш бастап тұр.

Дереккөз: Экспресс К.

Жер берілмейді!
Алматыдағы Президент резиденциясы сүрілмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу