Дариға Назарбаеваның Дубайда жүргені айтылды

Oinet.kz 01-02-2022 1489

ҚР Тұңғыш президентінің тұңғыш қызы Дариға Назарбаева Қазақстаннан Дубайға кетіп қалған деп жазады ҚазТАГ агенттігі өзінің Мәжілістегі дереккөзіне сілтеме жасап.

Screenshot_12.jpg

Дариға Назарбаева әліге дейін Мәжіліс депутаты, бірақ қаңтар басталғалы Мәжілістің бірде-бір отырысында бой көрсетпеген. Алғашында оның коронавирус жұқтырып алғаны айтылғанымен, кейін ол туралы мүлдем ақпарат тараған жоқ.

Telegram мессенджеріндегі ВЧК-ОГПУ каналының жазуынша, куәгерлер Дариға Нұрсұлтанқызын «Бурж Халифа» ғимаратындағы мейрамханадан көрген. Бұған дейін Елбасының кіші қызы Әлия Назарбаеваның да Біріккен Араб әмірліктерінде жүргені айтылған еді.

Ал, Дариға Назарбаеваның Мәжілістегі көмекшісі Жанна Ермекованың айтуынша, депутат ешқайда кетпеген, ол қазір Нұр-Сұлтан қаласында дейді көмекші. Бірақ, денсаулығына байланысты ақысыз демалыста екен. Елде дүрбелең болған кезде Дариға Назарбаева Алматыда болғанығ коронавирустен емделіп жатқаны айтылған еді. 

Мақпал Жүнісова Мұхамеджан Тазабекке неге иіліп сәлем салады? - Тазабек жауап берді
Айсәуле Бақытбек қызына елде жоқ ерекше есім берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу