«Алматыны қорғай алмаған министр қалайша орнында қалды?» - Сәуле Әбілдаханқызы

Oinet.kz 12-01-2022 7487

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы еліміздегі дүрбелең кезде Ішкі істер министрлігі өз жұмысын дұрыс атқармады дейді. Сол себепті де аталған саланың министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылуы керек еді деп есептейді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Screenshot_2.jpg

"Басқа-басқа, Ішкі істер министрінің орнында қалғанына таңмын. Қанша дегенмен, Масимовтың органымен тығыз байланыстағы мекеме емес пе?

Алматыны қорғай алмаған, тіпті шағын ғана әкімдікті қорғай алмаған, өртке орануына жол берген министр де, қала әкімі де, қалалық департамент басшысы да өз еріктерімен отставкаға кетсе әлдеқайда абыройлырақ болар еді-ау...

Алаңның төрт бұрышынан саңқылдап тұратын колонкалар қойып, халықты әкім бастап, ДВД басшысы қоштап, сөзге шақырғанда, мұншалықты болмас еді... тіпті, біреулер атып тастайды деп қорықса, бункерде жасырынып отырып сөйлесе де, алдымен оқтан бұрын СӨЗ айтылуы керек еді... Халыққа сөз беру керек еді... Сөздің киесі бар... Бір ауыз сөзбен соғысты тоқтатуға да, бастамауға да болады" - деп жазды журналист.

Қырғызстан аруы – 2014: «Дикий» Арманның әйелі кім? (фото)
«Көмектеспек түгіл, жағдай сұраспайды»: Әуелбекова ұлының әкесі туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу