Жанболат Мамайды сабап кетті
Қоғам белсендісі Жанболат Мамай соққыға жығылды. Бұл туралы оның жұбайы Инга Иманбай Facebook парақшасында хабарлады.
"Жанболат Мамайға 5 қаңтар күні қаруланған белгісіз арандатушылар қастандық жасады. Біреуі тапаншадан оқ атуға ұмтылғанда қылмыскерді белсенді Қайрат Ердебаев тоқтатып, Жанболатты өлімнен арашалады. Сол жердегі халықтың көмегімен басы жарылып, қатты соққыға жығылған Жанболатты арандатушылардан құтқарып қала алдық. Бірнеше күн жағдайы ауыр болды. Қазір денсаулығы дұрысталып келе жатыр", - деп жазды Инга Иманбай.