Кентауда мектептегі төбелестен кейін оқушы қыз ауруханаға түсті (видео)

Oinet.kz 22-12-2021 1425

Кентауда жоғары сыныпта оқитын екі қыз сөзге келіспей қалған. Арты жанжалға ұласып, мектеп ауласында төбелескен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

image.png

Бұл оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрда бір қыз екінші қыздың шашынан жұлып, басынан ұрғылап жатыр. Ал видеоны түсіріп тұрғандар ажыратудың орнына төбелесті құптап тұрғанын көруге болады.

Аталған дерек бойынша 17 желтоқсанда Кентау қаласындағы полицияға жәбірленген қыздың анасы арызданған. Айтуынша, қызы түрлі дене жарақатын алған.

Мектептің жоғары сынып оқушылары сөзге келіспей қалып, кейін дәл мектеп ауласында төбелесе бастаған. Оқиғадан кейін қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға түскені белгілі болды.

Бұл факт Кентау қаласының полиция бөлімшесіне тіркеліп, полиция қызметкерлері мен мектеп әкімшілігі кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарымен де жиналыс өткізді.

Құқық бұзған жасөспірімдердің ата-аналарының жауапкершіліктерін қарау мақсатында, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша құжаттар жинақталып жатыр. Жасөспірім қыз дәрігердің рұқсатымен ауруханадан шыққан соң, құжаттар сараптамаға жолданады. Сарапшылардың қорытындысымен заңды шешім қабылданатын болады.

Қазақстанда 2022 жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?
Бүркітбаев Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдайды баяндады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу