Мамин Қазақстан шекарасын күшейтілген бақылауда ұстауды жалғастыруды тапсырды

Oinet.kz 09-12-2021 788

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

image.png

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып тұрғанын айтты. Коронавирус инфекциясынан ауырып жатқан науқастардың саны азайып жатыр, инфекциялық төсек-орындар - 24 пайыз, реанимациялық төсектердің 21 пайызы толы.

Қазір коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңірлердің көбі "жасыл аймақта" орналасқан. Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары аймақта", Ақмола облысы "қызыл аймақта" тұр.

Бүгінгі таңда 8,8 миллионнан аса адам вакцинаның бірінші компонентін алды - бұл ересектердің 77,5 пайызы, сондай-ақ, 8,2 миллионнан аса адам немесе ересектердің 72,4 пайызы екінші компонентін алды.

02.jpg

Үкімет басшысы вакциналау қарқыны төмен Маңғыстау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында халықты вакциналаумен және ревакцинациямен қамтуды ұлғайтуды тапсырды.

Әкімдіктерге денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен бірлесіп, халық арасында ревакциналау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.

- "Коронавирус инфекциясынан қорғанудың негізгі тиімді құралы - вакцина алу мен ревакциналау", - деді А. Мамин.

Шетелде вирустың жаңа штаммының таралуын ескере отырып, Премьер-Министр елге сырттан келетін адамдарға мемлекеттік шекарада күшейтілген бақылау жасауды жалғастыруды тапсырды.

Джо Байден: «Сәуле Омароваға орынсыз жеке шабуылдар жасады»
Алексей Цой: «Ресеймен келіссөздер жүріп жатыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу